«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Жетібай МұнайГаз» өндірістік басқармасы «Еңбек Даңқы» мұражайына оқушылармен экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушыларға мұражайдың тарихы мен еңбек даңқы туралы ақпараттар беріліп, еңбек майталмандарының жетістіктері мен саланың даму тарихы таныстырылды. Барлығы 42 оқушы қатысты. Экскурсияның мақсаты — жастарды жұмысшы мамандықтарына қызықтыру, еңбекке деген құрмет пен жауапкершілікті арттыру.





