Тексеріс барысында дайын тағамдардың сапасы, санитариялық тазалық, тағам әзірлеу мен сақтау талаптарының орындалуы назарға алынды.
🔹 Тағамдар күнделікті мәзірге сай дайындалады, дәмі мен сапасы талапқа толық сәйкес келеді.
🔹 Барлық ыдыс-аяқтар таза, арнайы раковинада жуу және залалсыздандыру жұмыстары санитариялық нормаларға сай жүргізіледі.
🔹 Кесу құралдары (пышақтар, тақтайшалар) таңбаланған және дұрыс қолданылуда.
🔹 Дайын тағамнан тәуліктік сынамалар алынып, белгіленген тәртіп бойынша тоңазытқышта сақталады.
🔹 Тоңазытқыштағы температура арнайы термометр арқылы бақылауда.
🔹 Асхана іші таза, жинақылық сақталған. Тазалық құралдары жеткілікті.
🔹 Аспазшылар санитариялық талапқа сай арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз етілген.
🔍 Комиссия қорытындысы бойынша ас блогының санитариялық жағдайы мен тағам сапасы қанағаттанарлық деп танылды.





