17 қазан күні «Қамқор» жобасы аясында мектепте 3–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Күзгі асар» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық сияқты адами құндылықтарды дамыту, сонымен қатар әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетуге тәрбиелеу болды.
Жәрмеңкеге әр сынып белсене қатысып, өздері дайындаған тағамдарын саудаға шығарды. Оқушылардың шығармашылығы мен ұйымшылдығы ерекше байқалды. Ата-аналар да бұл шараға белсенді атсалысып, ортақ іске үлес қосты.
Жәрмеңкеден түскен қаржы мұқтаж жандарға көмек ретінде бағытталатын болады.
«Күзгі асар» – қайырымдылық пен бірлікті ұштастырған жарқын іс-шара ретінде мектеп тарихында есте қалатыны сөзсіз.





